Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері тақыланды

2019 жылғы 28 қарашада Май ауданы білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен   «Білім беру мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек  үстел түрінде кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Шараға барлық ауылдық округтердің ішкі істер  бөлімінің учаскелік инспекторлары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психологтар, қамқорлық кеңесінің төрайымдары, сынып  жетекшілері қатысты.   Май ауданы ішкі істер бөлімінің  бастығы, полиция полковнигі  Н.М. Каббасов кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу ,   аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Г.С. Сыздыкова инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналар мен оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау туралы сөз қозғады.  ІІБ-нің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы  міндетін атқарушы Ә.М. Андеров «Түнгі қаладағы» рейдтік шаралары мен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтты. Май аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы А.Н. Утеубаева оқушыларды сапалы тамақтандыру , мектеп асханаларының қызметін жақсарту мәселелерін көтерді. Білім беру бөлімінің басшысы жаңартылған білім беру мазмұны аясында ата-аналарға критериалды бағалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, үштік одақ: ата-ана, мектеп, қоғамның бірлескен нәтижелі жұмысына үндеді.

About