Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
«Тәуелсіздік – ел тұғыры» байқауы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру аясында «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 2019 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалар бойына көркемсөз арқылы туған еліне мақтаныш,сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында «Тәуелсіздік – ел тұғыры» байқауының аудандық кезеңі өтті.  Аудандық байқауға  мектепке дейінгі ұйымдардағы 3-6 (7) жастағы 12 бала қатысты. Байқау барысында ҚР ақындарының жеке туындылары, сондай-ақ шығармалардан үзінді қолданылды. Орындау деңгейі 3 ұпайлық жүйемен келесі критерийлер бойынша бағаланды:

  • таңдалған материалдың байқау тақырыбына сәйкестігі;
  • автор мен туынды атауын жариялай білуі;
  • әдеби туындыға интонация, ым-ишара арқылы өз көзқарасын білдіре білуі;
  • шығарма мәтінін білуі және дұрыс айтуы;
  • сыртқы келбетінің сәйкестігі.

 

About