Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Аудандық кәсіподақ ұйымы

VІІІ спартакиада

       

8-9 қаңтар аралығында Павлодар қаласында шаңғы тебу орталығында білім беру мамандар арасындағы VIII спартакиада өтті. Спартакиаданың қорытыныды бойынша Май ауданы сегізінші орынды жекелей біріншілікте жүлдеге  ие болды. Ал жеке құрамда Ерсін Муқашев атындағы жалпы білім беру орта мектебінің биология пәнінің ұстазы Балабанов Олеся Леонидовна 4 орынға ие болды .

Май аудандық білім қызметкерлерінің 
кәсіподағы төрайымы Е.Кирякина

______________________________________________________

Есептік -сайлау жұмыстары

 

     Есептік-сайлау жұмыстары Саты және Малайсары жалпы орта білім беру мектептерінде өтті. Есептік-сайлау жұмыстарына «ҚР Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрайым орынбасары Гүлшат Оралқызы Жәркенова және Май аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Е.Кирякина қатысты.   

    Саты жалпы орта білім беру мектебінің есептік-сайлау жұмысына ауылдық округтің әкімі С.Солтанов қатысты. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрайымдарының баяндамалары слайдтармен жолдамаланып отырса, ревизиялық комиссия өз тараптарынан қаржылық мәселеге тоқталды. Баяндамалардың мазмұнынан екі тарапты комиссияның терең талдау жасағаны байқалып, құқықтық құжат негізі болып табылатын – ұжымдық шарттың міндеттерін орындау барысы талқыланды. Төрайымдар мен төрағалардың баяндамаларынан ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары, кәсіби мүдделері, кәсіподақ мүшелерінің материалдық жағдайын жақсарту, жас мамандармен жұмыс істеу, баспана мен көтерме жәрдемақы бөлу, азаматтық қызметкерлерге коммуналдық қызметтерді ұсыну, педагогтардың тегін медициналық байқаудан өту, сонымен қатар педагогикалық еңбек ардагерлерімен қоян-қолтық жұмыс жасау тәрізді мәселелер танылып отырды. Аталмыш мектептердің кәсіподақ ұйымдарында жұмыс дұрыс бағытта атқарылған және Қазақстан Республикасының барлық заңнамалық нормалары тиісті тұрғыда сақталынып келеді. Ұжым арасында өзара түсіністік пен келісім бар. Кәсіподақ комитетінің төрағалық сайлауы да өтті. Саты жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы 5 жылдық төрайымдық тәжірибесі бар қазіргі кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Сейсембаеваға бірауыздан дауыс берді. Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы кәсіподақ тізгінін жас маман, тарих пәнінің мұғалімі Н.Иманбаевқа сенді. Мектептің еңбек ұжымы кәсіподақ комитетінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Қорытынды сөз «ҚР Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрайым орынбасары Г.О.Жәркеноваға берілді. Ол облыстық кәсіподақ, кәсіподақ мүшелерін қорғау жөнінде сөз қозғап, сауықтыру, атқарылған жұмыстың төлемі, азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру туралы қойылған сұрақтарға жауап берді. Қазақстандық кәсіподақ тұрақтылық тірегі, әлеуметтік қатынастың негізгі элементі деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, біздер, кәсіподақ қызметкерлері кәсіподақ саласының жаңғыруы үшін жұмыла жұмыс атқаруымыз қажет.

 

Май аудандық білім қызметкерлерінің 
кәсіподағы төрайымы Е.Кирякина

 

About

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.