Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
«ЖАСМАМАН» конкурсының III кезеңі

Бүгін Қазан жалпы орта білім беретін мектебінде Жидебай Арықбайұлы атындағы аудандық «ЖАС МАМАН» конкурсының III кезеңі өтті.  Алғашқы 2 кезеңнен сүрінбей өткен 6 жас ұстаз АКТ-ны, білім ленд ресурстарын пайдаланумен   ашық сабақтар берді. Бұл кезең келесі  критерийлер бойынша бағаланды: пән бойынша нақты және терең білім; Оқу үрдісін басқару; Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру;  Оқушыларды тарту және ынталандыру қабілеті; Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау; Кері байланысты ұйымдастыру; Білім беру ресурстарын пайдалану; Коммуникативтік құзыреттілік; Қолайлы психологиялық климат; Үй тапсырмасын ұйымдастыру әдістемесі. Сайыскерлерге тәлімгерлері тарапынан қолдау көрсетілгендері анық байқалды. Сайысқа сақадай сай келген білімді қыз-жігіттердің болашағынан зор үміт күтуге болатыны қуантты.  Жүсіпбек Аймауытовтың «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» ,— деген ұлағатты сөзін негізгі басшылыққа ала отырып , шеберлікті шыңдау, үздіксіз іздену арқылы ғылыми жаңалықтарды назардан тыс жібермей, озық тәжірибелерді меңгеру арқылы ақпараттық құзіреттілігі қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу –барлық мұғалімдердің  ұстаздық парызы болып қала бермек.

About