Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
«ЖАС МАМАН» конкурсының қорытындысы

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясында жас мамандардың біліктілігін арттырып, өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін ояту және олардың мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу мақсатында  биыл ауданымызда Жидебай Арықбайұлы атындағы II аудандық  «ЖАС МАМАН» конкурсы өтті. Үш кезеңнен тұратын конкурс қорытындысы бойынша «ВILIM LAND білім беру платформасын белсенді қолданушы» номинациясына    Ақжар мектебінің мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Ерболат Жанар, «Үздік ашық сабақ»  номинациясына  Майтүбек  мектебінің ағылшын тілі мұғалімі  Сайкенова Айгерім Ержанқызы  иеленсе,  Саты мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тилеухан Гүлден 3-орынға, Жалтыр  мектебінің АӘД оқытушысы Амангельдинов Арналды Русланұлы    2-орынға қол жеткізді.  Конкурстың Бас жүлдесі  Ақжар мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мүтән Ардақ Мүтәнқызына бұйырды.  Конкурс шарты бойынша  Конкурстың Бас жүлде иегеріне Жидебай Арықбайұлы атындағы конкурстың арнайы кубогі табысталды. Жеңімпаздар  Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шарада  ардагер ұстаз Жидебай Арықбайұлының қолынан марапатталды .

About