Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
«Жылдың үздік психологі» конкурсының қорытындысы

2019 жылғы 3 қазанда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Жылдың үздік психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді. Талантты психологтерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби дамуы және шығармашылық тұрғыдан өсуіне ықпал ету мақсатында өткізілген  Іріктеу турына Май ауданынан 5  псизолог қатысты.

Конкурстың қазылар алқасы психологтердің кәсіби шеберлігін, психологиялық-педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі таныта білу қабілетін көрсету және білім беру процесінде психологиялық міндеттерді жобалау мен шешу іскерліктерін, психолог мамандығы туралы, өзінің кәсіптік  көзқарасы туралы стандарттан тыс ойларын баяндайтын эссе жазу біліктіліктерін бағалады. Қорытындысы бойынша Мұқашев ЖОМ психологі Кульсаринова Әлия Қанатқызы II орынға иеленіп, республикалық кезеңге өтті.

Тақырыптық эссе жазуда үздіктер қатарынан  анықталғандар: «Психолог – болашақтың мамандығы»  – Успанова Жулдыз Пушкенбаевна,  Саты  ЖОМ,  «Менің кәсіби ұстанымым» – Оразбаева Зура Сапарбековна, Көктөбе ЖОМ.

Республикалық конкурс 2019 жылғы 3-5 қараша күндері Алматы қаласында өтеді. Алия Қанатқызына сәттілік пен жеңістілейміз.

About