Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Оқу сауаттылығы – заман талабы

2019 жылдың 14 қараша күні Май ауданы  Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінде аудандық білім беру бөлімінің қатысуымен «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары» атты аудандық семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинарға мектеп басшылары, қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің мұғалімдері және мектеп кітапханашылары қатысты.  Семинар аясында ұйымдастырылған көрмелер, іс-шаралар, ашық сабақтар көпшіліктің көңілінен шықты.

Мектеп фойесінде ұйымдастырылған «Оқу әлеміне саяхат» атты  акция-көрмелері қатысушылардың зор қызығушылығына ие болды. Бұл жерде мектепте оқу сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілетін акциялар бойынша шағын көріністер орын алды. Аса қызықтырған «Менің тәтті кітабым» акциясы. Бұл акция бойынша әр оқушы өзінің оқыған кітабының мұқабасындағы суретті торт бетіне салып, оқыған кітабы бойынша сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауап үшін тортының бір бөлігін алып отырады. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралара да жиналған қауымды баурап алды. Әсіресе оқу сауаттылығын дамыту бойынша таңдалып алынған әдістемелер мен ата-аналармен тығыз байланыстағы жұмыстар көңілден шықты.

Жалпы қорытынды бойынша қатысушылардың қалдырған оң пікірлері семинардың жоғары деңгейде өткендігінің дәлелі деп білеміз. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табады.

About