Сенім телефоны
+77183891336
Май ауданының білім бөлімі

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Аблайхан көшесі 32, raioo@mail.ru, +77183891336
Анонс:
Мектеп басшыларының есебі тыңталды

2019 жылғы 21 қарашадағы білім беру бөлімінің мәжілісінде ата-аналар арасында балаларды критериалды бағалау, БЖБ, ТЖБ өткізу мәселелері бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен критериалды бағалауды енгізу бойынша атқарылған жұмыстары туралы  А.Иманов атындағы ЛМ директоры Г.М. Ахметованың  ,  Майтүбек мектебі  директорының міндетін атқарушы Л.К. Елеукеевның  есебі тыңдалды. Жас мамандарды әдістемелік қолдау бойынша атқарылған жұмыстар туралы Көктөбе, Малайсары, Жалтыр, Саты, мектептерінің  директорлары тыңдалды.

Білім беру бөлімі тарапынан мектеп басшыларына төмендегідей ұсыныстар берілді:

  1. Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламалары бойынша сапалы оқытуды қамтамасыз ету;
  2. Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында педагогтерді әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру үшін мектеп үйлестірушілерінің табысты тәжірибесін тарату;
  3. Аудан педагогтері үшін ПШО, ББДИО, «Өрлеу» БАҰО» АКФ Павлодар облысы бойынша ПКБАИ мамандарының, ынтымақтастық жоспарына сәйкес Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы мұғалімдерінің қатысуымен аудандық, облыстық семинарлар  өткізуді жалғастыру;
  4. Тірек мектептерінің қызметі арқылы НЗМ іс-тәжірибесін таратуды жетілдіру;
  5. Білім беру бөлімінің мәжілістерінде мектеп директорларының критериалды бағалау бойынша атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдауды жалғастыру;
  6. Пәндер бойынша шығармашылық топтарда «Бағалауға арналған әзірмелер мен тапсырмалар сараптамасы» курсынан өткен ұстаздардың тәжірибесі негізінде ББЖ, ТБЖ дайындау.
  7. Жас мамандарды әдістемелік қолдауды жалғастыру.
  8. Жас мамандармен жұмыстың табысты тәжірибесі тарату.

Критериалды бағалау бойынша әр  жартыжылдық  сайын  мектеп үйлестірушілерінің есебі тыңдалып, өзара тәжірибе алмасулары ұйымдастырылады. Сондай-ақ жас мамандармен жұмыстың табысты тәжірибесі таратылатын болады.

About